Еліміздің 5 өңірінде ескерту жарияланды
Еліміздің 5 өңірінде ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК еліміздің 5 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады. 5 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқысан күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Петропавл қаласында 5 ақпанда тұман, көктайғақ болады. 5 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қостанай қаласында 05 ақпанда тұман,көктайғақ болады. 5 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Ақтөбе қаласында түнде көктайғақ, кей уақыттарда тұман болады. 5 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Орал қаласында тұман күтіледі.