Бас санитар дәрігердің карантин туралы қаулысы шықты
Бас санитар дәрігердің карантин туралы қаулысы шықты
126
оқылды
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланды. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі  күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілді.
"1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде оларды ертіп жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) теріс нәтижесі бар анықтама (бұдан әрі – Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локоматив бригадаларының мүшелерін, қызметі темір жол, теңіз және өзен көлігімен тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда барлық келген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде нәтижесі берілген күннен бастап есептегенде 3 тәулік бұрын берілген анықтаманы ұсынуға міндетті; - Қазақстан Республикасына темір жол, теңіз, өзен көлігі және автомобиль өту жолдарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мен өткізу пункттері арқылы келген адамдарға қатысты шектеу шаралары Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, локоматив бригадаларының мүшелерін; темір жол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі",– делінген құжатта.
  Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.