Жаңа жыл түнінде елордадағы «Авиатор» саяжайында өрт болып, екі адам қайтыс болды, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
1 қаңтар сағат 03:23-те «Қала маңы» тұрғын ауданының «Авиатор» саяжайында үй өртеніп, қызыл жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған.
«Үйдің біраз бөлігі қирап қалды. Қолданылған шаралардың арқасында өрт 04:24-те сөндірілді. Үй ішінен отқа күйген екі дене табылды. Әйел мен еркектің мәйіті. Өрттің себебі анықталуда» делінген хабарламада.
Өртті 16 адам сөндірген.