Елордада зейнеткерлерге арналған демалыс орталығы ашылды
Елордада зейнеткерлерге арналған демалыс орталығы ашылды
146
оқылды
Нұр-Сұлтанда зейнеткерлерге арналған Қалалық ардагерлер орталығы ашылды. Орталық Достық көшесінде орналасқан. Бұл туралы әкім Алтай Көлгінов Instagram-парақшасында жариялады. "Демалыс орталығында егде жастағы адамдар жаттығу залдарында спортпен тегін айналысып, түрлі үстел ойынымен уақыт өткізе алады. Сондай-ақ компьютермен жабдықталған бөлмелер мен акт залы бар", – деп жазды қала әкімі. Оның айтуынша, мұндай орталық зейнеткерді денсаулығын күтуге ғана емес, өз ортасында белсенді өмір сүруіне де ынталандырады. Төрт тұрғын үй ауласында (Өндіріс, Көктал, Ильинка, Железнодорожный) дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. "Елорданы "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" жоспары аясында дамытып жатырмыз. Бұл аудандар полицентрлік сипатқа ие болады және түрлі жас өкілдерінің қажеттіліктері мен қызығушылақтары ескеріледі", – деді Көлгінов.