Роналду Еуропаның ең үздік футболшысы атанды
Роналду Еуропаның ең үздік футболшысы атанды
129
оқылды
Португалия құрамасы мен "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясының (IFFHS) нұсқасы бойынша кейінгі он жылда Еуропадағы ең үздік футболшы атанды. Екінші орында "Реал" мен Испания құрамасының қорғаушысы Серхио Рамос, үшінші орында "Бавария" мен Германия құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер тұр. Айта кетейік, ең үздік ойыншыны анықтау кезінде УЕФА-ға кіретін елдердің өкілдері ғана ескерілді.   Бұған дейін Роналду карьерасында 759 гол соғып, доп саны бойынша әлемдік абсолют рекордты бұзған болатын.