Бюджеттің негізсіз шығындарына жол берілмейді
Бюджеттің негізсіз шығындарына жол берілмейді
161
оқылды

Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз қызметі  хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ми­нистрліктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері, Пре­зидент Жолдауында қаржы саласына қатысты айтылған тапсырма­ла­ры­ның орындалу барысы, ведомство­ның алдағы негізгі міндеті жайында баяндалды. Министр бюджеттің тең бөлінуін қамтамасыз ету, салық-кеден әкім­шілігін цифрландыру, көлеңкелі эко­номиканың көлемін азайту, мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру, сатып алу мен мем­лекеттік аудит жүйелерін жетіл­діру туралы айтты. Мемлекет басшысы 3 жылдық респуб­ликалық бюджетті оңтайлан­дыруға және сапалы әзірлеуге қатыс­ты бірқатар тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев салық-кеден әкім­шілігін цифрландыру жұмысын то­лық ойластырып, белгіленген мер­­зімде орындаудың маңызын атап өтті. Президент мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру қа­жеттігіне тоқталды. Оның айтуынша, ұсынылып отырған барлық жаңа заң­намалық бастамалар әбден пысықталуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев мемле­кеттік аудиторлық қызмет тиімді болуы қажет және ресми органдар­дың негізсіз бюджеттік шығындарын анықтап, оның алдын алу шарала­ры­на баса мән беруі керек деп санайды.