Кеңестің жаңартылған құрамы таныстырылды

Кеңестің жаңартылған құрамы таныстырылды

«Nur Otan» партиясы Пав­лодар облыстық фи­лиалы жанындағы Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғам­дық кеңестің отырысы өтті.

Жиынға жетекшілік еткен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Илья Теренченко кеңестің жаңар­тылған құрамын таныс­тырды. Оған VII шақырылым­ның облыстық және қалалық мәс­лихат депутаттары, мем­лекеттік органдардың, ден­саулық сақтау, білім беру, ШОБ, «Jas Otan» Жастар қанатының өкілдері, сондай-ақ партия ар­да­герлері мен белсенділері кірді. Павлодар облысының жұ­мылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқарма­сының басшысы Мұрат Хамитов ҚЖОК төрағасы болып қайта сайланды, оның орынбасары болып «СОВИ–KZ» ЖШС директоры Виктор Пряхин та­ғайындалды. Кеңес мүшелері 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады. Олар – Денсаулық сақтау басқармасында, оның ведомствоға қарасты ұйымда­рында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша шаралар, 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту жол картасын» іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігі, ауыл шаруашылығы саласында сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бо­йынша көшпелі профилакти­калық іс-шараларды жиі өткізу туралы шешім қабылданды. Осы және басқа да міндеттер отырыс барысында бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің нақты жоспарында көрініс тапты.

Әбілмансұр ЖАСАН