Әлеуметтік көмек көрсетті
Әлеуметтік көмек көрсетті

Аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналарды барынша қолдау жұмыс­тары кезең-кезеңмен жү­зеге асуда. Себебі әлеу­мет­тік осал топтағы тұр­ғын­дарға көмек көрсету «Nur Otan» партиясының не­гізгі мақсатының бірі са­на­лады. 

Осы орайда, кезекті әлеу­меттік қолдау –  отбасылық жағдайы төмен,  жалғызбасты ана Людмила Кистановаға көмек көрсетілді. Қиын жағ­дайға тап болған қала тұрғыны осыған дейін азық-түлік себе­тімен жәрдем беру бойынша партияның Шымкент қалалық филиалының көмегіне жүгінген болатын.  Мәселені «Nur Otan» партиясы әл-Фараби аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Заңғарбек Усупахметов партия назарына алып, демеуші тауып, өтініш білдіруші Кистанованың үйіне керек-жарақты жеткізді. Өз кезегінде Людмила Кистанова «Nur Otan» партиясына алғысын айтып, алдағы жұмыстарына сәт­тілік тіледі. Оң шешімін тапқан мәселе­лер қатарында Арзыкүл Нұржанова­ның өтініші де бар. Ол 15 қаңтар күні Еңбек­ші ауданы тұрғындарының атынан «3-Көксай» көшесінің, аз қамтылған отбасылары көп­балалы аналарымен әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойын­ша партияның қалалық филиа­лына өтініш білдірген. Өтініш білдірушілердің мәселесін қарау үшін партия филиалы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық фи­лиалының төрағасы Ғалымжан Ильясов арнайы қабылдау ұйым­дастырады. Нәтижесінде, Ғалымжан Молдабайұлы және демеушілер тарапынан  Еңбекші ауданының аз қамтылған отбасылары және көпбалалы аналарына азық-түлік және басқа да тұрмыстық қолданыс заттарымен қолдау көрсетуге шешім қабылданды. Осылайша, 210 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Әбілмансұр ЖАСАН