Алматыда бизнес орталық пиротехниканы дұрыс қолданбағаннан өртенген
Алматыда бизнес орталық пиротехниканы дұрыс қолданбағаннан өртенген
113
оқылды

Алматыда бизнес орталық өртенді, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті.

«Сағат 00:31-де 101 қызметіне Алмалы ауданы Жұмалиев көшесіндегі Grand Asia бизнес-орталығында өрт тұтанғаны туралы хабар келіп түсті.

Өрт сөндірушілер 1-қабаттан бастап 12-қабатқа дейін керамогранит астына төселген жылытқыштың сыртқы қаптамасы жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын 02:18-де толық сөндірілді. Өрт 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Тілсіз жаудың алдын ала себебі, пиротехниканы қолдану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау» делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 43 адам және 15 техника жұмылдырылды.