50 отбасына қуаныш сыйлады
50 отбасына қуаныш сыйлады
118
оқылды

Бүгінде «Nur Otan» пар­тия­сының қоғамдық қабыл­дау бөлмелеріне тұрғын­дар­дан өтініш жиі түсіп жатыр. Осыған байланысты Түркіс­тан облысында «Nur Otan» партиясы атынан сай­ланған депутаттар халық­тың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселе­лерін шешуге кірісіп кетті.

Солардың бірі – Түркістан облысы Созақ аудандық мәсли­хатының депутаты, жеке кә­сіпкер Бағлан Сүгірбаев. Бірінші рет депутаттық мандатқа ие бол­ған ол тұрғындардың өтіні­шіне сәйкес, Созақ ауданы Шолаққорған ауылының аз қамтылған, асыраушысы жоқ отбасыларына, мүмкіндігі шек­теулі жандары бар отбасыларға көмек көрсетті. Халық қалау­лысы 50 отбасына 1 тоннадан  көмір түсіріп берді. Дәлірек айтқанда, 35 шаңыраққа көмір түсіріп берсе, 15 отбасының әр­қай­сысына көмір алатын қара­жат ұсынды. Үйлерге көмірді үлес­тіріп, таратып беруге әдеттегідей Созақ аудандық Жастар ресурс­тық орталығының жанынан құрылған Value еріктілер ұйымы көмектесті. Тұрғындар депутат пен ерікті жастарға ризашы­лығын білдірді. Аталған кәсіпкер былтыр пандемия кезінде Созақ ауданындағы ондаған отбасына азық-түлік таратқан болатын. Сонымен бірге Төлеби ауданын­дағы су тасқыны кезінде төле­билік бірнеше отбасына көмек қолын соза білді. Түркістан облысы бойынша облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттарға «Nur Otan» партиясы фракциясынан 263 депутат сайланды. Оның 37-сі – облыстық мәслихат де­путаттары. Бұл азаматтар Түр­кістан облысының барлық аудан, қалаларында қоғамдық қабылдау өткізіп жатыр. Қаңтар айынан қазір дейін Түркістан облысында барлық деңгейдегі мәслихаттардың жаңа депутат­тары 70 кездесу өткізіп, 214 тұр­ғынның өтініші мен талап-тіле­гін қабылдап үлгерді. Айта кетсек, 2020 жылы «Nur Otan» партиясының қо­ғамдық қабылдау бөлмесіне еліміз бойынша 393 мыңнан аса өтініш келіп түсті. Бұл  2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.  Соңғы 5 жылда партияға 1,2 млн адам жүгінді, оның ішінде 423 мың­нан астамы – онлайн форматта. Олардың 92 пайызы шешімін тапты, тегін консультативтік, құ­қықтық және өзге де көмек көр­сетілді. Талдау көрсеткендей, халықты не­гі­зінен әлеуметтік қамсыз­дан­дыру мәселесі – 30%-ға, тұрғын үй-комму­налдық шаруашылық – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құ­­рылыс – 9%, білім беру – 9%, ме­­ди­циналық қызмет көр­сету 7%-ға алаңдататыны белгілі болды.

Әбілмансұр ЖАСАН