Азаматтық алып берді
Азаматтық алып берді
107
оқылды

«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облысы Алтай қалалық филиалына көп жылдан бері жеке куәлігін ала алмай жүрген қала тұрғыны Галина Пантелеева хабарласып, көмек сұрады.

Өтініш иесі 1997 жылы азаматтығын ауыстыру туралы шешім қабылдап, Ресей төлқұжатын алу үшін көші-қон қызметіне құжаттарын тапсырғанын айтты. Кейін ол Қазақстанда қалатын болып, азаматтығын қайта ауыстыр­ғы­сы келген. Төлқұжатын өзгерту үшін құ­жат­тарын тапсырып, көші-қон қыз­метінің көмегіне жүгінеді. Алайда ол осы уақытқа дейін азаматтық ала ал­май, тек ықтиярхатпен жүргенін жет­кізді. «Nur Otan» партиясының филиалы мен көші-қон қызметі келіссөздер қо­рытындысы бойынша қажетті құжат­тарды жинауға бірлесіп көмектесуге келісімін берді. Сондай-ақ Ресей Феде­рациясының елшілігінен азаматтығы­ның жоқтығы туралы анықтама алу керек екенін түсіндірді. Көп өтпей Галина жеке куәлігін рәсімдеп, Қа­зақстан азаматтығын алды. Бұл күнді ұзақ күткенін айтқан өтініш иесі фи­лиал қызметкерлеріне алғыс білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.

Әбілмансұр ЖАСАН