Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Көктемгі су тасқынына дайынбыз ба?

«Айқын» ақпарат
Ақпан 5, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
су
16
қаралым

Былтырғы маусымдағы Мақтаарал оқиғасын ешкім ұмыта қойған жоқ. Ол тех­ногендік сипаттағы апат бо­латын. Ал табиғи сипаттағы апаттар Қызылағаш, Көк­пекті, Атбасар, Оразақ сынды тағы да басқа оқиғалармен есте қалды. Ен­деше осы оқи­ғалардан қандай сабақ алдық? Олардың се­бебі не еді? Жаңа су тасу мау­сы­мында мұндай оқи­ғалар қайталанбай ма? Биылғы дайындыққа төтен­шелік­термен бірге көз жү­гіртіп көрген едік.

Қары қалың, суы аз көктем

Былтырғы қыс ерекше қарлы болғаны есімізде. Ауыл жолдары тұрмақ халықаралық трассаларды да қар басып қалды. Алыс аудан­дар түгілі астананың өзі көшелерін тазалап үлгерген жоқ. Оның аяғы «көктемгі су тасқыны алапат апат­қа ұрындыра ма?» деген қауіп те болды. Пандемияға бай­ланысты жарияланған төтенше жағдай оқыс оқиғаға ұласып кет­песе игі деген қорқы­ныш та болған. Бірақ абы­рой болғанда күндіз жылып, түнде салқындаған ауа темпера­ту­расы қалың қардың аз-аздан еріп кетуіне қолайлы болды. Енді биылғы маусымдағы жағдай қалай болмақ?

«ІІМ құрамында болған ке­зінде ТЖ комитеті Үкіметтің тапсырмасымен «Табиғи апат­тардың алдын алу және салдарын жою бойынша 2017-2020 жыл­дарға арналған жол картасын» жасап шығарған. Онда 1 000-нан астам шара қарастырылған. Кар­тада тек біздің комитетке ғана қа­тысты емес, жергілікті ат­қарушы орган­дарға жүктелетін жұмыстар да қам­­тылды. Тек облыстық бюд­жет­тен емес, рес­публикалық бюд­жеттен де қаржы бөлінді. Осы кар­­­­таны біз 98%-ға орындап шық­тық. Бұл іс-шаралар елімізде тек тө­­тенше жағ­дай­лар­дың салдарына ғана ақша бө­лінетінін білдірмейді. Сондай-ақ  алдын алу жұмыста­­ры­на да ақша бөлінеді. Ол – біздің жұ­мысымыздың көр­сеткіші. Егер салдарын жою жұмыстарына ғана ақша бөлумен шектелетін болсақ, біз жаман жұмыс істеген болар едік», – дейді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

8 наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Шымкентте бәйшешек гүлдеп, ағаштар бүршік жарды

Қар көшкіні қатер төндіріп тұр

Былтыр су тасқыны күтпеген жақтан келгенін білеміз. Өзбек­стандағы Са­р­доба су қой­масы жарылып, оңтүстік өңір­ді су алған Мақтаарал оқиғасы ке­зінде 620 үй суға кетіп, 7 мың адам эвакуа­цияланған бола­тын. Сол кезде 22 эвакуациялау пункті тұрғызылып, ТЖК-нің барлық өңіріндегі ма­териалдық-тех­ни­калық базасы жұмыл­ды­рылды. Төтеншеліктер әдетте­гідей өз­деріне тиесілі міндетті жо­ғары дә­­режеде атқарып шықты.

Жаңа маусымға дайындық жоғары

Еліміздің географиялық бел­деулерде орналасуына қарай су тасқыны тек Маңғыстау өңірінде ғана жүрмейді. Қалған облыс­тар­дың барлығында өзен-көлдер же­терлік. Солардың ішінде оңтүс­тік өңірлерде су тасқыны ерте көк­темде басталатын болса, солтүстік және шығыс өңірлерде қар одан бір-екі ай кейін ериді. Тіпті, Шы­ғыс Қазақстан облысында тау ба­сындағы мұздың кеш еруіне қарай мұнда су тасу қаупі жаздың ор­тасына дейін сақталады. Төтен­шеліктердің тілімен айтсақ, су тасқыны жыл он екі ай назарда. Көк­темгі маусымға дайындық сол ке­зең өткен бойдан басталады да, жаз-күз мезгілдерінде барлық жер қазу, бөген тұрғызу жұмыстары жүр­гізіліп, алдын алу шаралары жыл бойы жүреді екен. Барлық де­партамент су жаңа ми­нистрлікке биылғы дайындық жо­ғары деңгейде деп баяндап жатыр.

Биыл республика бойынша түрлі табиғи апаттардың салдарын жою үшін 39 млрд тенге қарас­тырылған екен. Оның ішінде су тасқынынан келетін зардаптар да бар. Бұл сома жергілікті әкім­дік­тердің бюджетінде тұр және тек ТЖ болғанда апат салдарын жоюға ғана пайдаланылады. Егер биыл­ пайдаланылмай қалса, онда күйіп кетпейді, кейін республикаға қай­тарылмайды, келесі жылға ауы­сады. Бұл қаржы, мәселен әкімдік жеке адамдардан техни­каларын жалға алатын болса және т.б. мақ­саттарға жұмсалады екен. Сон­дықтан да мемлекет табиғи апат­тың алдын алуға ғана емес, сал­дарын жоюға да дайын.

Судың тасығанына қуан

Еліміздегі өзендердің басым бөлігі трансшекаралық өзендер. Ертіс бастауын Қытайдан алса, Есіл аяғын Ресейге апарып құяды. Сырдария Қырғыз елінен баста­лып, Тәжікстан мен Өзбекстанды көктей өтеді. Іле, Тобыл, Талас, Жайық барлығы да сондай. Тек Нұра өзені ғана ішкі су көзіне жа­тады. Осындай географиялық ерек­шеліктерді ескеріп, жаңа ми­нистр су қорын жинау керек екенін айтады.

«Әлемдік климаттың өзгеріп, су қорының азайып бара жатқаны бүгінгі күннің ақиқаты екенін түсінетін уақыт жетті. Жаһандық жылынудан таулардың басында мұз қабаты жұқарып келеді. Бұл қалай болғанда да табиғаттағы су алмасу процесіне өз ықпалын тигізеді. Сондықтан да осы бастан қолға алып, жасанды гидро­тех­никалық ғимараттарды көбірек салып, көктемгі су тасу маусымын пайдаланып, суды жинап алу жүйе­сін қалыптастыруымыз керек. Оған дәл қазіргі уақытта мүм­кіндігіміз бар. Бұл бір жағынан, ауыл шаруашылығына артық қор  болса, екіншіден су шаю оқи­ғаларының алдын алуға септеседі. Бұл туралы Мемлекет бас­шы­сының да тапсырмасы бар», – дейді Юрий Ильин.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда 6 000-ға жуық гидро­техникалық нысан бар екен. Оның тек 250-і жекеменшік, қалғаны мем­лекеттік. 7 нысан иесіз болған­дықтан, оларды мемлекет балан­сына қайтарып алу бойынша сот процесі жүруде. Қолданыстағы заң­нама, яғни Су кодексі бойын­ша гидронысандарға тікелей пай­даланушы ұйым жауап береді. Мәселен, Қызылағаш және Көк­пекті оқиғаларында жарылған бөгендердің иелері же­ке­ адамдар болған. Ми­нистр су қой­малары­ның жары­луының бәрінде адами фактор болғанын, бірақ одан қорқып, артық су қорын жинау мәселесін кейінге қалдыра беруге болмай­тынын айтады. Ең басты­сы – бә­рін сауатты ұйым­дастыра білу.

«Мәселен, Көксарай контр­регуляторын салғанша Қызыл­ор­дада ұзақ жылдар су тасқыны бо­лып тұратын. Ол салынғаннан кейін су шаю оқиғалары сап тыйыл­­ды деп айтуға болады. Сол кезде көптеген ауылшаруашылық өндірушілері бұған қарсы болған. Ал іс жүзінде контррегулятор науа­сындағы 3 млрд текше метр судың жаз мез­гілдерінде ауыл­шаруа­шылық мақсатында молы­нан же­тіп отыр­ғанын көріп отыр­мыз. Оны арғы жағында Сыр­дарияның жоғары бастауында Шар­дара су қоймасы бар. Оны көлемі – 5 мил­лиард текше метр. Осы сияқ­ты етіп, өзге өзендердің бойында да науасы үлкен гидро­техникалық нысан­дарды көбейту керек», – дейді министр.

Климаттық өзгерістердің ке­сірінен елімізде үш өңір – Қос­танай, Ақтөбе және Түркістан об­лыстары жазғы мезгілде су тап­шылығын тартуда. Ендеше мұнда мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестік жүйесімен су ны­сандарының құрылысы жүргі­зілетін болса, бір оқпен екі қоян атқандай мүм­кін­дігіміз бар екен.

Нұрлан ҚОСАЙ

 
Тегтер: көктемқалың қарМақтаралсу тасқынытабиғи апат
Алдыңғы жаңалық

Антисептик ішкен қыздың өлімінен кейін орталық қызметкерлері жұмыстан кетті

Келесі жаңалық

Бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Ұқсас жаңалықтар

жер сату, шетелдік, жалға беру, Бозжыра, Көкжайлау
Жаңалықтар

Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салды

Ақпан 25, 2021
баспана, үй, қолжетімді баспана, зейнетақы, ипотека
Жаңалықтар

Қазақстанда баспана мәселесі әлі де өзекті – Тоқаев

Ақпан 25, 2021
123 үй
Жаңалықтар

Кәсіпкер ауылда жұмысшыға арнап үй салса, шығынның жартысын мемлекет төлейді – Президент

Ақпан 25, 2021
Атырау, Сасыған сай, экология
Жаңалықтар

Министрлік Атыраудағы «Сасыған сайдың» проблемасын жазда шешеді 

Ақпан 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салды

Ақпан 25, 12:28

Қазақстанда баспана мәселесі әлі де өзекті – Тоқаев

Ақпан 25, 12:09

Кәсіпкер ауылда жұмысшыға арнап үй салса, шығынның жартысын мемлекет төлейді – Президент

Ақпан 25, 11:46

Министрлік Атыраудағы «Сасыған сайдың» проблемасын жазда шешеді 

Ақпан 25, 11:34

Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика вице-министрі болды

Ақпан 25, 11:10

Мұрат Нұртілеу жаңа қызметке тағайындалды

Ақпан 25, 10:57

Бүгін зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

Ақпан 25, 10:35
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

жер сату, шетелдік, жалға беру, Бозжыра, Көкжайлау

Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салды

Ақпан 25, 2021
баспана, үй, қолжетімді баспана, зейнетақы, ипотека

Қазақстанда баспана мәселесі әлі де өзекті – Тоқаев

Ақпан 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»