Ақпан айынан бастап «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында VII шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихат депутаттары мегаполис тұрғындарын қабылдауды бастады.
Депутат Жансая Әбдімәлік пен Әсия Ақанова, сондай-ақ Константин Авершин онлайн режимде азаматтардың өтінішін тыңдады. Сұрақтардың басым бөлігі жер учаскелерін заңсыз басып алу, ТКШ, жұмысқа орналасу және тиісті медициналық қызмет көрсетпеу мәселесіне қатысты болды. Мысалы, алматылық Г.Маматаева үшінші балаға жүктіліктің 33-аптасында медициналық сақтандыруы болмағандықтан, №13 емханада дәрігерлік көмек көрсетуде қиындыққа тап болған. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен бірлескен әрекеттің нәтижесінде өтініш беруші дереу емханаға тіркеліп, толық медициналық тексеруден өтті. Ақпанның бірінші аптасындағы барлық өтініш бойынша Қазақстан заңнамасы аясында түсініктемелер беріліп, тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жолданды. Әрбір өтініштің орындалуы «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы басшылығының күнделікті бақылауына алынды.Әбілмансұр ЖАСАН