Партиялық рейд жүргізді
Партиялық рейд жүргізді
115
оқылды

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы  «Кедергісіз келешек» пар­тиялық жобасының жүзеге асырылуы аясында қоғам­дық көліктер мен аялдамалардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігін анықтау үшін партиялық рейд жүргізді.

Комиссия мүшелері былтыр Тараз қаласы аумағында орнатылған жаңа үлгідегі 25 аялдаманың бірқатарын аралап көрді. Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Мұрат Кәрібаев жаңа үлгідегі аялдамаларда биыл пандустар орнатылып, жарықтандыру жүр­гізілетінін жеткізді. Комис­сия мүшелері бұған дейін де мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті пандустар орнатылған аялдамалардың жағдайымен танысып, оларға қатысты сын-ескертпелер айтты. Мұнан бөлек, қоғамдық көліктердің ерекше қажеттілігі бар азамат­тардың мініп-түсуіне, еркін қозғалуына ыңғайлылығы тек­серілді. Сонымен қатар жұ­мысшы топ Тараз қаласындағы теміржол бекетінде болып, нысанның мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көр­сетудегі мүмкіндігін зерделеді. Келер аптада партиялық рейдтің қорытындысы бо­йынша Партиялық бақылау комис­сиясының отырысы өтеді. Тараз қаласы әкімдігінің салалық бөлімдерінің бас­шылары мен аялдамаларды орнатуға жауапты мердігер­лер қатысатын жиында қоғам­дық көліктер мен аял­дама­лардың мүмкіндігі шектеулі жан­дарға қолжетімділігі кеңі­нен тал­қыланбақ.

Әбілмансұр ЖАСАН