Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Алимент борышы – 14 млрд теңге

«Айқын» ақпарат
Ақпан 5, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
алимент
28
қаралым

Бүгінде алимент мәселесі қоғам үшін тағы бір өзекті  дүниеге айналды. Алимент төлеуден жалтар­ғандардың айыбы бары айтпаса да белгілі. Бірі жұмыссыз болса, келесісі табысын жасырып, қитұрқы әрекетке барады. Бас прокуратура есебіне жүгінсек, 2020 жылы қар­жылық борышын төлемеген 216 мың­нан астам отан­дасымыз анықталыпты. Оның 197 мыңы – ер адамдар. Сот орындаушылары алимент төлемейтін жандарға келгенде неге қауқарсыз? Ал қарызды мүлік арқылы өндіріп алу нә­ти­же бере ме?

Қазақстандықтардың али­мент борышы 14 млрд теңгеден асып үлгерді. Былтыр жыл ба­сында бұл көрсеткіш 5,7 млрд тең­ге болған. Аз ғана уақыттың ішінде 2,5 есе артып шыға келіпті. Мәселен, былтыр 3 мың адам борышынан қашып, ресми іздеу жарияланғанымен, басым бөлігі та­былмапты. Осыдан кейін мем­лекеттік органдар мен сот орын­даушыларының атқарған жұ­мысына күмәнмен қарарымыз жа­сырын емес.

– Отбасының бұзылуы – қоғамның бір індеті. Оның себебі көбіне тұрмыстық жағдайға келіп тіреледі. Жиі кездесетін фактор – осы. Сосын келіп алимент өн­діру мәселесін қозғаймыз. От­басының жағдайын жақсарта ал­дық па, мемлекет қандай қам­қор­лық жасап жатыр деген мә­селе бірінші тұруы қажет. Күн көру басты «құндылыққа» ай­налып кет­ті. «Ерлі-зайыптылар және от­басы» кодексінде мінде­тінен жал­тарған азаматтардың дүние-мүл­кін тәркілеу, жүрісіне шектеу қою деген шара қаралған. Егер жарты жыл бойы төлемей жүрсе, 2 жылға дейін бас бостан­дығынан айыруға болады. Али­менттің дауға айнал­ған себебі – заңның орындалмауы. Басты себеп – мемлекеттік орган­дар мен сот орындаушылардың сал­ғырттығы. Жұмыссыздық пен басқа да жайларды алимент тө­леу­ден жалтаруға себеп ретінде қара­мауымыз керек, – дейді Жо­ғарғы Соттың экс-судьясы Әділ Жамбас­байұлы.

Айтпақшы, қазір алимент өн­діру процесін дұрыс атқармай, уа­қыт созып жүрген сот орын­дау­шылары лицензияларынан қа­ғыла­тын болды. Әр жыл сайын ел бойынша 200 мыңға жуық іс сот орын­дау­шыларына қарыз өндіруге қатысты түсіп отырады екен. Ал бір борыш­керге бірнеше бала тие­сілі болуы мүмкін. Бірақ ресми есеп­те алимент­ке мұқтаж балалар­дың саны нақты көрсетіл­меген. Біз сот орындаушы­ларын ісіне сал­ғырт деп түбегейлі айта алмай­мыз. Жеке сот орындаушы борыш­кер үкімді орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа ұсыныс тастай алады. Осы жерде екі түрлі жағдай шыға­ды. Алимент төлеуге міндетті адам­ның бірінің әлеуметтік жағ­дайы төмен, жұмыссыз болуы мүмкін. Елімізде тек 9 мың бо­рыш­­кердің тұрақты табысы бар. Ал екінші жағдайда борышкер табысын жасырады. 2,5 мың бо­рыш­кердің жылжымайтын мүлкі, қымбат маркалы көлігі бар екен. Оның сан түрлі жолы бар. Мы­салы, бар мүлкін туыстарының аты­на рәсімдеп қояды. Ішкі істер органы алимент секілді істерге немқұрайды қарайды, себебі олар­дың есеп­тілі­гінде мұндай миссия жоқ. Әкімшілік іс қозғаған күннің өзінде борышкер 2 тәулікке қама­лып, аз айыппұлмен құтылады.

Бүгін Ұлттық кеңестің отырысы өтеді

Өңірдегі экология мәселесін талқылады

Алимент талап ету неге қиын?

– Кейбір адам әдейі ақша төлемей қашады. Біреулер жала­қы­сын қолдан аз етіп жаздырады. Ажырасқандар бір-бірін түсінбей жатады. Сондықтан ашуға сала­тындары көп. Соңында зардабын балалары тартады. Сондықтан мұ­ның бәрін балаға теріс әсер етпей­тіндей етіп ойластыру қажет. Біз қо­лы­мыздан келгенін жасап жа­тыр­мыз, – дейді жеке сот орын­даушылары­ның Нұр-Сұлтан қала­лық палатасы басшысының орын­басары Мадина Жаңысаева.  

Соңғы кездері алимент мәсе­лесінде борышкер міндетінен жал­тара берсе, мүлкін тәркілеу шарасы қолданылып жатыр. 2020 жылы алимент төлемеген жан­дар­дан 76 пәтер мен 62 көлік алынған. Бүгінде qamqor.gov.kz сайты мін­детінен қашқан азаматтардың су­реті мен аты-жөнін жариялап отырады. Әзірге 1 500 адамнан ар­тығын тірке­ген. Бұл да бір бо­рыш­кердің ұятын ояту үшін жа­сал­ған әрекетке ұқ­сайды.

– Алимент төлемейтін ер-аза­мат­тар көп. Әдетте бала анасына қалатын болған соң жағдай  осы­лай. Негізі, уақытылы алимент тө­ле­мегендер Әкімшілік құқық­бұзушылық кодексі бойынша жа­уапқа тартылып, 15 тәулікке дейін қамалады. Ал Қылмыстық ко­декстің 430-бабы бойынша сот шешімін орындаудан бас тартқан борышкерді қыл­мыстық жауап­кершілікке тар­туға болады. Демек, заң бар, жауап­кершілікке нем­құрайды қарайтын­дар көп. Менде де кемі 30-40 іс али­мент бойынша тұрады. Ұятын оя­тып, халық ал­дына шығарғың да келеді, – дейді алимент мәселесімен айналысып жүрген заңгер Камиша Есмұхам­бетқызы.

Республикалық сот орындау­шы­ларының мәліметіне сенсек, али­мент төлемейтіндердің көбі Қара­ған­ды облысында тұрады. Мұнда 21 мың адам бар. Шығыс Қазақстанда 18 мың адам тіркелсе, үштікке 17 мың берешек тұлғасы бар Алматы облысы жайғасыпты.

2010-2020 жылдар аралығында жарты миллион неке қиылып, оның 3/1 бөлігі ажы­расып кеткен. Жалпы, ажырасқан отбасылардың 83 пайызында ортақ бала бар. Одан бөлек, 400 мың жалғызбасты ана мен баласын асырап отырған 60 мың ер-азамат жүр.

Мадияр ТӨЛЕУ

 
Тегтер: алименталимент төлеуборышмәселе
Алдыңғы жаңалық

Білімге пара тұсау

Келесі жаңалық

Бір күнде пневмониядан қайтыс болғандар саны көбейіп кетті

Ұқсас жаңалықтар

қос азаматтық, шенеунік, мемлекеттік қызмет, Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтар

Тоқаев қос азаматтығы бар шенеуніктерге қатысты пікір білдірді

Ақпан 25, 2021
лотеррея, заңсыз ойын бизнесі, шетелдік, құмар ойын
Жаңалықтар

Шетелдіктердің Қазақстанда лотерея өткізуіне тыйым салу керек – Президент

Ақпан 25, 2021
Нұр-Сұлтан, мемлекеттік сатып алу, жемқорлық
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған  

Ақпан 25, 2021
жер сату, шетелдік, жалға беру, Бозжыра, Көкжайлау
Жаңалықтар

Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салды

Ақпан 25, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев қос азаматтығы бар шенеуніктерге қатысты пікір білдірді

Ақпан 25, 13:44

Шетелдіктердің Қазақстанда лотерея өткізуіне тыйым салу керек – Президент

Ақпан 25, 13:23

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған  

Ақпан 25, 13:04

Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салды

Ақпан 25, 12:28

Қазақстанда баспана мәселесі әлі де өзекті – Тоқаев

Ақпан 25, 12:09

Кәсіпкер ауылда жұмысшыға арнап үй салса, шығынның жартысын мемлекет төлейді – Президент

Ақпан 25, 11:46

Министрлік Атыраудағы «Сасыған сайдың» проблемасын жазда шешеді 

Ақпан 25, 11:34
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

қос азаматтық, шенеунік, мемлекеттік қызмет, Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев қос азаматтығы бар шенеуніктерге қатысты пікір білдірді

Ақпан 25, 2021
лотеррея, заңсыз ойын бизнесі, шетелдік, құмар ойын

Шетелдіктердің Қазақстанда лотерея өткізуіне тыйым салу керек – Президент

Ақпан 25, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»