Қазақстанға вакцинаның қажеті жоқ, қаражатты бөліп алу үшін ойлап тапқан – дәрігер Көнеев
Қазақстанға вакцинаның қажеті жоқ, қаражатты бөліп алу үшін ойлап тапқан – дәрігер Көнеев

Оның айтуынша, вакцинаның сапасына күмән жоқ. Бірақ біздің ел үшін жаппай вакцинациялау қажет емес.

Ұжымдық иммунитет қалыптасып үлгерді. Бірақ оны тексеріп, скринг жүргізіп жатқан ешкім жоқ.

«Бекшиннің айтуынша, (Жандарбек Бекшин – Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері – ред.) қала халқының 55 процентінде коронавирусқа қарсы антитела бар. Алматылықтардың 55-60 проценті коронавируспен бір ауырып, тәуір болды. Осы жағдайда Қазақстанға вакцинаның қажеті жоқ. Халықты коронавирустан қорғайын деп ойлап жатқан ешкім жоқ. Қаражатты бөліп алу үшін ойлап тапқан деп ойлаймын», – деді дәрігер 31 арнаның «Сөздің шыны керек» бағдарламасында журналист Ирина Советжанқызына берген сұхбатында.

[caption id="attachment_108797" align="aligncenter" width="1200"]Жандарбек Бекшин Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері - Жандарбек Бекшин.
Фото: Интернеттен алынды.[/caption] https://www.youtube.com/watch?v=a868p8eGmPg&ab_channel=%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B1%D1%8E%D1%80%D0%BE31

Ал Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салу биыл 1 ақпанда басталды. Мемлекет басшысы барлық шығынды мемлекет төлейтінін айтты.