Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

«Қоғам тарапынан әртүрлі сын айтылуы – табиғи заңдылық» – Әлібек Асқар

«Айқын» ақпарат
Ақпан 5, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан, Сұхбат
Әлібек Асқар
203
қаралым

Орфографиялық жұмыс тобы даярлаған әліпби жобасы бірнеше талқылаудан өтті. Ғалымдар әрбір әріпті таңдауда жіті назар бөлгені анық. Алайда жаңа нұсқаға қатысты қоғам тарапынан түрлі сын-пікірлер айтылып жатыр. Бұл соңғы нұсқа ма әлде әлі де талқылаудан өте ме? Біз «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Әлібек Асқарға осы сауалымызды қойған едік.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың латын гра­фикасы не­гізінде қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әліпбидің 40-тан астам нұсқасы қаралған екен. Сол нұс­қалардан біреуін ғана таңдап алу оңай шаруа болмаған шығар. Қалай таңдалды?

– Орфографиялық жұмыс тобы даярлаған әліпби жобасы 2019 жылдың қараша айында Пре­зидентке таныстырылғанын біле­сіздер. Президент ол жобаны жал­пы мақұлдап, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұ­мыс­тарына байланысты құрылған Үкімет жанындағы Ұлттық ко­миссияның қарауына жолдаған еді. Ұлттық комиссияның құра­мында Орфо­графиялық жұмыс тобы бар, ол жерде білікті ға­лымдар жұмыс істейді. Бұл Ор­фографиялық жұмыс тобына – Тіл білімі инс­титутының, «Тіл-Қазына» орта­лығының, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни­верситетінің, Е.Бөкетов атын­дағы Қарағанды мемлекеттік уни­верситетінің, Павлодар мем­лекеттік педаго­гикалық универ­ситетінің ғалым­дары мүше екенін ескерте кеткен жөн. Мақұлданған әліпбиді же­тілдіру барысында осы Орфо­графиялық жұмыс тобының бірне­ше отырысы өтті. Кеңей­тілген отырысқа техникалық топ­тың ІТ мамандары, сондай-ақ терми­но­логиялық, әдістемелік жұмыс топ­тарының мүшелері де шақы­рылып, әліпбидегі өзгерістер жан-жақты талқыланды. Нәти­жесінде бұл әліпбиді Орфо­графиялық жұмыс тобының 95%-ы қолдады. Ал сіз айтып отырған жекелеген аза­маттар тарапынан жыл ішінде 40 шақты жоба келіп түскені рас. Оның барлығын Орфо­графиялық жұмыс тобы кәсіби сараптамадан өткізді, авторларға әрбір ұсы­ныстың жетістіктері мен кемші­ліктері айтылды. Президентке таныс­тырылған әліпби бұл 40 шақ­ты жобаның ішінен таңдалып алынған жоқ. Оны Орфогра­фиялық жұмыс тобының маман­дары өздері даярлады. Олар әрбір әріпті таңдауда мұқият ғылыми сараптама жүргізді, әлемдік тәжірибемен қатар ұлттық ерек­шеліктерімізді ескерді, әр таң­баның графикалық, фоне­тикалық мазмұнын мұқият қарады. Әліпби түзудің бұған дейін жинақталған тарихи тәжі­рибесін, принциптерін басшы­лыққа ала отырып даяр­лады.

– Байқауымызша, алдыңғы екі нұсқаға қарағанда мұнда умлаут, бревис, седиль және макрон диа­критикалық белгілері қолданы­лыпты. Бұл тиімді ме?

«Мәдени мұра» – тарихымызды жаңғыртқан жоба

Үкімет басшысы Түркістанды дамыту жобаларын тексерді

Азаматтардың сыни пікір айту құқы сақталады

– Иә, бұл өте тиімді. Әліпби жобасына алынған диакритикалық таңбалар әлем тілдерінде таны­малдыққа ие және әр диакри­тикалық белгілердің атқаратын қызметі бар. Жобадағы диакри­тикалық таңбалар латын әліпбиі­мен жазатын көптеген тілде қол­данылады. Мысалы, умлаут неміс, швед, исланд, фин, венгр, түрік, әзербайжан әліпбилерінде жіңішке дауысты дыбыстың таңбасын білдіреді. Бревис молдова, түрік әліпбиі мен эсперантода дауы­ссыздың таңбасына, седиль фран­цуз, түрік, латыш әліпбилерінде ызың дауыссыздарға, макрон дауыстыларға немесе дауысты қатарына өткен дауыссыздарға пайдаланылады. Сондықтан қазіргі жаһаниятта латынды бі­летін кез келген жазарман тіліне, ұлтына қарамастан, умлаутты әріптің жіңішке дауысты дыбыс екенін, сол сияқты айтып кеткен басқа да диакритиканың дыбыстық мазмұнын бірден ажыратады. Бұл қазақ жазуының әлемдік графи­калық кеңістіктегі түсініктілік дең­гейін арттырады.

– Соңғы нұсқа «бір дыбыс – бір таңба» принципіне келетін секілді. Дегенмен әлі де і, ы, у таңбаларын қай­та түзетсек деген пікірлер ай­тылып жатыр. Бұған қалай қа­райсыз?

– Иә, бұл принципке әліпби толық сәйкес келеді. Қоғам тарапынан әртүрлі сын айтылуы – табиғи заңдылық. Бұл әріптерді таңдауда ғалымдар белгілі бір принциптерге сүйенді. Мысалы, Ы дыбысы Ү әрпімен берілді. Себебі жуан, қысаң езулік дауысты Ы дыбысын осылай таңбалау ха­лықаралық транскрипциялық жүйеден әбден белгілі: Almaty, Kyzylordа, Fazyl т.б. сияқты қа­зақтың жер-су аты, кісі есімі осы­лай транскрипцияланады. Сон­дықтан латындағы Ү таң­басының дыбыстық мазмұны Ы дыбысы деген түсінік жаппай орныққан. Ал кейбір ұсыныстарға сүйеніп, Ы-ны I ı таңбасымен беретін болсақ, онда осы таңба белгілеп тұрған жіңішке [і] ды­бысына ноқатты İі таңбасын алуға тура келеді, олай болса, И/Й-ді Үү таңбасымен жазу керек болады. Бұл сөздердің жазба мәтін­дегі танылуын қиындатады, көзша­лымға қолайсыз: ynstytut (инс­титут), yne (ине), mynystr (ми­нистр), ayu (аю), yt (ит), oqyğa (оқиға), taryhy (тарихи), ğılımy (ғылыми). Сондықтан Ы дыбысын Y таңбасымен, соған сәйкес И/Й-ді İі таңбасымен беру сөздердің графикалық кескінін қазақ оқыр­манына бірден танымал жасайды: ydys, yrys, basşy, qajy; іnelık, іgeru, mädeni, universitet, respublika. Әрбір таңбаға, міне осындай сараптамалар жүргізілді.

– Латын графикасына не­гіз­делген қазақ тілі әліпбиінің жаңа жобасы соңғы нұсқа ма? Әлде әлі де талқылаудан өте ме?

– Бұл – соңғы нұсқа, ғалым­дардың соңғы шешімі. Енді тек Президент Жарлығымен ресми бекітуін күтіп отырмыз. Одан кейін латынға көшу жұмыстары нақты әрі жан-жақты қолға алы­нады.

Әңгімелескен
Гүлзина БЕКТАС

 
Тегтер: Әлібек АсқарәліпбижобақоғамОрфографиялық жұмыс тобысын
Алдыңғы жаңалық

Бір күнде пневмониядан қайтыс болғандар саны көбейіп кетті

Келесі жаңалық

Қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимовты жерлеу рәсімі Тоқмақта өтті – видео

Ұқсас жаңалықтар

Алматы
Жаңалықтар

Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Ақпан 27, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Облыс әкімі көңіл айтып, жағдайды бақылауға алды

Ақпан 27, 2021
Айдос Ербосынұлы
Жаңалықтар

Айдос Ербосынұлы келесі жекпе-жекте IBF чемпионымен кездеседі

Ақпан 27, 2021
Павлодар
Жаңалықтар

Павлодар облысында халық саны азайған

Ақпан 27, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Ақпан 27, 23:55

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Облыс әкімі көңіл айтып, жағдайды бақылауға алды

Ақпан 27, 23:07

Айдос Ербосынұлы келесі жекпе-жекте IBF чемпионымен кездеседі

Ақпан 27, 22:43

Павлодар облысында халық саны азайған

Ақпан 27, 22:14

Түркістанда жекеменшік үйде төрт бала мен бір ересек адамның денесі табылды

Ақпан 27, 21:33

Петропавлда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды

Ақпан 27, 21:10

Жаңартылған энергия көзі: электр энергиясы неге жыл сайын қымбаттайды?

Ақпан 27, 20:40
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Алматы

Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Ақпан 27, 2021
Түркістан

Түркістандағы жантүршігерлік оқиға: Облыс әкімі көңіл айтып, жағдайды бақылауға алды

Ақпан 27, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»