Жеңіл атлетикадан жарыс өтеді
Жеңіл атлетикадан жарыс өтеді

Елордада 12-13 ақпан күндері жеңіл атлетикадан Nur-Sultan Open 2021 турнирі өтеді.   

Көптен бері Нұр-Сұлтан қаласында спорт сайыстары өтпеген соң жанкүйерлер жабығып жүрген-ді. Оның үстіне, аталған жарыс  QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешенінде өтпек.  Айта кетерлігі, бұл спорт нысаны жаңадан салынған әрі кешенде  алғашқы жарыс ретінде жеңіл атлетика турнирі  ұйымдастырылады. Турнирге өңірлерден 100-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Аталған кешен былтыр қараша айында ашылған. Бұл нысан World Athletics сертификатын иеленген. Сондай-ақ орталық барлық халықаралық талаптарға сай жабдықталған.

Айбике ЖАНАСЫЛ