Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Шыны зауытына «көз тиген»

«Айқын» ақпарат
Ақпан 5, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
шыны зауыты
111
қаралым

Осыдан 6 жыл бұрын Қызылорда облысында іргетасы қалан­ған шыны зауытының жыры әлі бітер емес. Бұл өндіріс орны 2 жыл­дың ішінде салынып бітуі тиіс болғанымен, құрылыс жұ­мыстары тым ұзаққа созылып кетті.

Елімізде теңдесі жоқ ірі өндіріс орны бастапқыда EXPO-ны отандық әйнектермен қамтамасыз ететін бол­ған. Бірақ сенім артқан зауыт үмітті ақтамады. Қазір құрылыс жұмыстары қай деңгейде жүріп жатыр және біз отандық әйнектерді қашан қолдана бастаймыз? Көпті мазалаған осы сауал­дың жауабын берген Қызылорда облыстық Индустриялық-инно­вация­лық даму басқармасының бас­шысы Ринат Сұлтангереев «бұл за­уыт­қа көз тиген» деп айды аспаннан бір-ақ шығарды. Асыра сілтегеніміз емес, жауапты басшылықтың өзі осы­лай дегені оның күдер үзгені ме деп қалдық.

– Шыны зауыты төңірегінде көп­теген әңгіме айтылуда. Өзім басқар­маны басқарып отырғаннан кейін шыны зауытына көз тиген деп ой­лаймын. Қазір құрылыстың 70 па­йызы аяқталған. Қажетті құрал-жаб­дықтар орнатылды. Тек балқыту ван­насы мен күйдіру пешін салу жұ­мыс­тары қалды. Ол жұмысты жүргізуге наурыз айында Қытайдан 147 маман келеді. Айтыл­ған жұмыстар толық аяқталған соң  зауыт екінші жартыжылдықта іске қо­сылады деген үміттеміз. Сонымен қатар өндіріс нысаны жанынан ілес­пе 8 зауыт ашу жоспарда бар, – деді ол өңірлік коммуникациялар қыз­метінде өткен брифингте.

Оның сөзінше, осы уақытқа дейін зауыттың тұралап қалуына пан­демия себеп болған. Құрылыстың бас­талғанына 6 жыл өткенін ескер­сек, «коронавирусқа дейін мұны іске қосуға не кедергі болды?» деген сауал тағы мазалайды. Мұның да жауабын берген Р.Сұлтангереев: «2020 жылға дейін қандай жағдай болғанын бә­ріңіз білетін шығарсыздар?! Ондай жағ­дайда құры­лыс жұмыстары тоқ­тай­ды» деп сөздің төркінін астарлап жеткізді.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс пысықталды

Қарағанды және Павлодар облыстарында жол жабылды

«Азия Авто»: 1 969 жұмысшы қайда барады?

Бұған дейін зауыт төңірегінде болған  оқиғаны тарқатсақ, ең алдымен бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаевтың ісі еске түседі. Содан кейін бұл жобаның тағ­дыры тығырыққа тіреліп, құрылыс жұмысы тұралады. Көп ұзамай орта жол­да мердігер ауыс­ты. Бұған қатыс­ты кезінде Инвестиция комитетінің төрағасы С.Тұяқбаев: «Біз ме­ха­низмін таптық, яғни жаңа ком­пания басты мердігер емес, басты мерді­гердің консорциум мүшесі бола­ды. Компанияны ауыстыру консор­циум­­ның бұрынғы келісімшартына еш әсер етпейді. Сол себепті механизм бар және сол бойынша осы мәселені шешетін боламыз. Нысанды уақы­тында өткіземіз, құрылыс қайта жан­данады» деген.

Одан кейін «Бәйтерек» холдингі­нің бұрынғы басшысы Е.Досаев та Қызылордадағы шыны зауытын тезірек пайдалануға беру керегін айтты. Сон­дай-ақ 2017 жылдың 17 ақ­пан күні ел­орда төрінде өткен бри­фингте Қызыл­орда облысының экс-әкімі Қырымбек Көшербаев: «Ағым­дағы жылы күзде, бәлкім қазанда немесе қараша айында шыны зауы­тын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Аталған кәсіпорында негізгі құрал-жабдықтың бәрі бар. Меніңше, «Бәй­терек» ұлттық xолдингі, инвес­тициялық қор, Қазақстанның даму банкі және инвестормен бірлесіп, ол зауытты қазанда, әрі кетсе, қараша айында іске қосамыз. Себебі ондай өндіріс облысқа ғана емес, ел эко­номикасына ауадай қажет» деген еді. Одан кейін бұл шыны зауыты алғаш­қы өнімін елорданың 20 жылдық тойы қарсаңында шығаратын болды. Содан бері «әне, боп қалды, міне, боп қалды» деумен үзіліп-созылып келе жатқан бұл жоба талай басшының бас ауруы болып тұрғанын байқаймыз. Бүгінде құрылыс басталғалы 6 жыл­дай уақыт өтсе де, әлі созылып кетті.

Бұған дейін Қызылорда облысын бас­қарған Қ.Көшербаев пен Қ.Ысқа­қов іске қоса алмаған зауыттың жүгі енді қазіргі әкім Г.Әбдіқалықоваға артылды. Облыс әкімі бір сұхбатында шыны зауыты алдағы уақытта толы­ғымен іске қосылатының жеткізген болатын.

– Шыны зауытының айналасын­да 8 зауыт, ілеспе зауыт саламыз деп жоспарладық. 3 зауыттың жобасы, бизнес-жоспарлары нақтыланды. Кәсіпкерлер қызығушылық білдіріп отыр. Мысалы, шыныдан жасалатын ыдыстар. Екінші зауыт – айна жасау зауыты. Үшінші зауыт – шыны тал­шығы. Бұл құрылыста көп пай­даланылады. Бұл үш зауыттың өзі ша­мамен 15-16 млрд инвестиция тар­тады екен, – деді ол.

Біраз жыл инвесторлар арасын­дағы мәселеге байланысты құрылыс мерзімі кешіккенімен, тұралаған жұ­мысқа биыл жан бітпек. «Жоғары техно­логиялық зауыт құрылысы аяқ­тал­са, смартфондар мен планшеттерді күн сәулесінен қорғайтын панеліне арналған шыны және басқа да қа­жетті заттар осы өндіріс орнында жа­сап шығарылады», – дейді атқамінерлер. Ал біз оны уақыт еншісіне қалдырдық.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ,
Қызылорда облысы

 
Тегтер: әйнекзауытҚызылордашыны зауыты
Алдыңғы жаңалық

Сүйектен жасалған ерекше конькиді зерттеп жатыр

Келесі жаңалық

Алматы облысында 14 қойды пойыз басып кетті

Ұқсас жаңалықтар

ауа
Қазақстан

Қазақстанның кей аумақтарында жолдар ашылды

Наурыз 7, 2021
бокс
Жаңалықтар

Боксшы Сабырхан Махмұд халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Наурыз 7, 2021
нәресте
Әлем

Ұшықтың кесірінен бір жасар нәресте өле жаздады

Наурыз 7, 2021
Жасөспірім
Жаңалықтар

Жасөспірімді құтқарамын деп 9-қабаттан құлаған полицейдің жағдайы ауыр

Наурыз 7, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның кей аумақтарында жолдар ашылды

Наурыз 7, 13:28

Боксшы Сабырхан Махмұд халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Наурыз 7, 12:50

Ұшықтың кесірінен бір жасар нәресте өле жаздады

Наурыз 7, 12:18

Жасөспірімді құтқарамын деп 9-қабаттан құлаған полицейдің жағдайы ауыр

Наурыз 7, 11:45

Атырау облысы «сары» аймаққа енді

Наурыз 7, 11:16

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Наурыз 7, 10:45

Өскеменде сабақ кезінде оқушыларға бейәдеп видео қосылып кеткен

Наурыз 7, 10:15
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

ауа

Қазақстанның кей аумақтарында жолдар ашылды

Наурыз 7, 2021
бокс

Боксшы Сабырхан Махмұд халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Наурыз 7, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»