Қазақстандық WBC және WBO чемпионы ең қызықты 5 боксшының қатарына енді
Қазақстандық WBC және WBO чемпионы ең қызықты 5 боксшының қатарына енді

Boxingscene.com сайты қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 ҚО) 2020 жылы өнер көрсетуін асыға күтуде

Басылымның редакциясы WBC Continental Americas және WBO Global нұсқалары бойынша орта салмақтағы қазақстандық чемпионды биыл жекпе-жектерін өткізіп алуға болмайтын ТОП-5 боксшының қатарына қосты.

«Қазақстандық 2016 жылғы Олимпиаданың ширекфиналисті барлығы сегіз кездесу өткізді, бірақ оның мықты командасы бар: Даңқ залының промоутері Боб Арум, менеджер Эгис Климас, катмен Русс Анбар және екі дивизиондағы бұрынғы әлем чемпионы, жаттықтырушы Джеймс Макгирт. Олар келесі жылы орта салмақтағы титулдық жекпе-жектен үмітті. Сәуір айында 27 жасқа толған Әлімханұлы 4-0 рекордымен тамаша жыл өткізді. Ол алғаш рет Кристиан Оливаспен 10 раунд өткізіп, Стивен Мартинесті нокаутпен, Стюарт Маклеланды және Альберт Ононосені жеңді», – деп жазады Boxingscene.com.