Қазақ ұлттық университетінің ректоры кім болады?

Aikyn.kz-ке Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек университет ректорлығына байқау өтіп жатқанын растады.

Ашық ақпарат көздерінің хабарлауынша, Қазақ ұлттық университетінің ректоры лауазымына үміткерлер арасында бұрынғы екі білім министрі бар: Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов және Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев.

Жансейіт Түймебаев 1958 жылы туған. 2007-2010 жылдары Білім және ғылым министрі, 2016-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, 2018-2019 жылдары Түркістан облысының әкімі қызметін атқарды.

Бақытжан Жұмағұлов 1953 жылы туған. Ол Мәжіліс төрағасының орынбасары, 2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, 2010 жылы ҚР Білім және ғылым министрі болып қызмет атқарды.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.