Мейрамбек Бесбаев іздеу салып жатыр
Мейрамбек Бесбаев іздеу салып жатыр
187
оқылды

Әнші Мейрамбек Бесбаев өзіне дұғай сәлем айтқан кейуананы іздеп жатыр. Жасы келген апа Қызылорда облысынан сәлем жолдап, әншінің амандығын тілеген.

Бұл жағдай көпшіліктің де, тіпті әнші Мейрамбектің де жүрегін елжіретіп жіберді. Енді Мейрамбек осы апамен тілдескісі келіп, іздеуге кірісті.

– Жаным апатай, сіздің сәлеміңізді әлеуметтік желі арқылы көрдім. Ақ жүрекпен айтылған аппақ тілегіңізге мың алғыс. Жанымды елжіретіп, көңілді тербетіп жібердіңіз. Аллаға шүкір, қолыма домбыра алып ел алдына шыққалы бері, кимешегі кірлемеген осындай аналарымның ақ батасын алып келемін. Ата-апаларымның ақ батасы көңілге медеу, жаныма демеу болып келеді. Видеоны көріп отырып, бауырына салып еркелетіп алатын өз әжем есіме түсіп, көңілім босады. Ұрпағыңыздың рақатын көріңіз, апа!

Мен болып сөйлесіп, көңіліңізді көтеріп отырған немерелеріңіздің әзілі қандай жарасымды. Айналайын аталарым, әжелерім, апаларым! Мен сіздерді өз ата-анамдай жақсы көремін. Алладан амандықтарыңызды тіледім. Ыңғайы келсе осы апамның нөмірін тауып берсеңіздер жақсы болатын еді. Видеозвонокпен хабарласамын, – деп жазды әнші.