Ақмолалық полиция із-түзсіз жоғалған қызды іздестіріп жатыр

Ақмолалық полиция із-түзсіз жоғалған қызды іздестіріп жатыр

Осыдан бес күн бұрын үйден шығып кеткен кәмелет жасына толмаған қыз бала сол күйі оралмаған, – деп хабарлайды «Айқын» республикалық порталының тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зеренді аудандық полиция бөліміне қызы Анель Нәкеннің жоғалғаны туралы 35 жастағы әйел телефон шалған. Оның айтуынша 1 ақпан күні үйінен шыққан Анель сол күйі қайтып оралмаған. Тәртіп сақшылары оның жергілікті колледжердің бірінде бірінші курста оқитынын анықтады. «Жоғалған қыз соңғы үш жылда алты мәрте үйден бірнеше күнге кетіп қалып, кейін қайтып оралған. Анасының айтуынша Анельге біргеу телефон шалып, осыдан кейін ештеңе айтпастан үйден шыға жөнелген, – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук. Дене бітімі жұқалтаң қара шашты, сопақша бетті, мұрны үлкендеу, қоңыр көзді бойы шамамен 155-160 сантиметр. Ерекше белгісі үстіңгі ернінде тыртығы бар.  Кәмелет жасына толмаған қызды іздеп табу үшін полиция жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, барлық таныстары мен жақын адамдарынан сұрастырылуда. Іздеу шарасы барысында қыздың Нұр-Сұлтан қаласында жүргені анықталды. Полиция Анелдің қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат білгендер болса «102» арнайы желісіне хабарласуды сұрайды.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы