Ресейде 11 күйеуін өлтірген әйел қолға түсті
Ресейде 11 күйеуін өлтірген әйел қолға түсті

Ресейдің Армавир қаласының тұрғыны бірнеше жыл ішінде 11 күйеуін жерлеген. Оған қатысты тергеу жүргізіліп жатыр деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, әйел зейнеткерлерге тұрмысқа шығып, мүлкін сатып, ақшаны өзіне алған. Ал оларды бірінен соң бірін өлтіріп отырған екен.

Тергеу ақпаратында 53 жастағы әйел әдейі жалғызбасты ер адамдарды іздеген. Артынан оған тұрмысқа шығып, зейнеткерлердің мүлкін өз атына аударған. Сөйтіп, бірнеше қалада үй мен пәтерге ие болған. Оның бұл ойын жүзеге асыруға бір жағынан қыздары көмектесіпті. Риэлтор да жоспардың орындалуына қол ұшын берген.

Шығын сомасы 21,7 миллион рубль (123 миллион теңгеге жуық) шамасында. Күдіктілердің 2013-2019 жылдар аралығында 12 оқиғаға қатысы болғаны анықталды. Осы аралықта күдікті он бір ер адамды өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Қазір қылмыстық іс сотқа жіберілген.