Атырауда күзет қызметі басқармасының бастығы жемқорлық күдігіне ілінді

Атырауда күзет қызметі басқармасының бастығы жемқорлық күдігіне ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров Атырау облысы арнайы күзет басқармасының бастығы жемқорлық күдігіне ілінгенін растады.

Агенттік өткізген онлайн баспасөз мәслихатында «Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мекемесінің бастығының ұсталғанын растаймыз. Басшылардың біріне қатысты қамауға алу жөніндегі бұлтартпау шарасы таңдалып алынды. Тергеу мүддесіне сәйкес, қалған ақпаратты жариялай алмаймыз», – деді Бекайдаров.