Нұр-Сұлтанда электроавтобустар іске қосылды
Нұр-Сұлтанда электроавтобустар іске қосылды

Енді елорда көшелерінде 100 электр автобусы жүретән болады.

Оның 15-і бүгін жолға шықты. Елорда әкімі Алтай Көлгінов электравтобустардың техникалық жағдайы мен сипаттамаларымен танысты.

Жайлы және шусыз электр автобустарының артықшылығы-экологиялықта: атмосфераға зиянды шығарындылардың болмауы, сондай-ақ оларды пайдалану кезіндегі үнемділік, бұл автобус парктеріне дизельдік аналогтармен салыстырғанда тек отынның өзін 80 пайызға жуық үнемдеуге мүмкіндік береді.

"Электр автобустары қызмет көрсетуде түбегейлі ерекшеленеді. Мұнда беріліс қорабы жоқ, май мен сұйықтықты ауыстырудың қажеті жоқ. Пайдалану шығындарынан үнемдеу 80 пайызға дейін болады. Егер дизельді автобустарға кететін шығындар тәулігіне 22-25 мың теңгеге дейін болса, электр шығындары 4-5 есе аз. Конструкцияның өзі автобусты тәулігіне бір рет - түнгі уақытта ғана зарядтауға мүмкіндік береді, яғни күндіз автобусты зарядтаудың қажеті жоқ, электр қуаты күні бойына жетеді", - деп атап өтті "Астана LRT" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сеитов.

Жаңа автобустар зияткерлік бақылау жүйесімен, пандустармен және мүмкіндігі шектеулі адамдар мен балалары бар жолаушыларға арналған арнайы орындармен жабдықталған.

Сондай - ақ, жаңа мүмкіндік те қосылған. Орындықтар жанында ұялы телефондарды зарядтауға арналған қосқыштар орнатылған.

"СарыарқаАвтоПром" компаниясының электравтобустары - Қазақстанда құрастырылған. Жаңа электравтобустар автопаркті айтарлықтай жаңартуға, қозғалыс интервалын және аялдамаларда автобустардың күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.