Азия чемпионы кісі қолынан қаза тапты
Азия чемпионы кісі қолынан қаза тапты
111
оқылды

Ақтөбеде каратэден 18 жастағы Азия чемпионы Дәулет Хайролла кісі қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиға 4 ақпанға қараған түні болған. Марқұмның жаттықтырушысы оның 16 ақпан күні өтетін жарысқа дайындалып жүргенін айтты.

Облыстық спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров Дәулеттің қазасы жайлы хабар жанына қатты батқанын айтады.

«Бар болғаны 18 жаста. Болашағынан үлкен үміт күткен спортшы еді. Қоңыр белбеуі бар. Кёкусинкай каратэден Азия кубогінің иегері, нөмірі бірінші спортшымыз. Жақында ел кубогына арналған жарысқа барайын деп отырған жігіт. Жанып тұрған жас болатын. Оның қазасы спортшыларға ауыр тиді. Отбасына, туысқандарына қайғыра көңіл айтамыз», - дейді Евгений Гончаров.