Ақтүтек боран, үш өңірде жол жабылды
Ақтүтек боран, үш өңірде жол жабылды
142
оқылды

Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста жол жабылды, – деп хабарлайды «QazAvtoJol» ұлттық компаниясы.

Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан маңында боранға байланысты жол жабылған. Атап айтқанда, «Нұр-Сұлтан – Петропавл» (18-231 шақырымы), «Нұр-Сұлтан – Қорғалжын» (19-180 шақырымы), «Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті» (16-200 және 200-242 шақырымы), «Екатеринбург – Алматы» (1006-1247 және 1291-1353 шақырымдары), «Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Киевка – Теміртау» (51-102 шақырымы), «Қызылорда – Павлодар» (1135-1250 және 1066-1135 шақырымдары) және «Нұр-Сұлтан – Қарағанды» тасжолдары жабылды. Көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынған.