АҚШ-та мейрамхана бір долларға сатылады
АҚШ-та мейрамхана бір долларға сатылады
98
оқылды

Айова штатындағы мейрамхана иесі Ли Чжан тамақтану орнын пандемияға байланысты бір долларға сатпақ, – деп хабарлайды The Daily Iowan жергілікті порталы.

Кәсіпкердің сөзінше, Lark & ​​Owl караоке-бары локдаунға және басқа да карантин шектеулеріне байланысты үлкен шығынға ұшыраған. Оның үстіне, жалға алу бойынша үлкен қарызы көбейіп кеткен. Тіпті, жеткізу қызметі арқылы да Ли соңғы жылы ешқандай пайда көрмеген.
Мейрамхананы жалға алу құны айына бес мың доллар және бұл жалғыз шығын емес. Бірнеше адам мейрамхананы сату туралы хабарламаға жауап берген. Бірақ жалдау құны қымбат болғандықтан олар сатып алмайтын болды.
Lark & Owl мейрамханасынан бөлек Ли Чжан JiangHu AsianStreet Food Азия асханасының иесі. Пандемия кезінде мейрамханаға этникалық қоғамнан қолдау жасалған, сондықтан шығын көп болмаған.