Иран генералы Сулеймани АҚШ-тың әуе шабуылы салдарынан қаза тапты
Иран генералы Сулеймани АҚШ-тың әуе шабуылы салдарынан қаза тапты
107
оқылды

Пентагон Сүлеймани АҚШ президентінің бұйрығымен өлтірілгенін растады.

Иракта АҚШ-тың әуе соққысы нәтижесінде Ислам Революциялық Сақшылар корпусының элиталық «Кудс» арнайы күштер бөлімінің қолбасшысы, генерал Касем Сүлеймани қаза тапты, –деп хабарлайды bbc.com .

АҚШ өкіметінің өкілі Рейтерс агенттігіне АҚШ әскери-әуе күштері Бағдад маңындағы Иранмен байланысты нысанаға әуе шабуылын бастағанын айтты.

Ирак теледидарының хабарлауынша, Сүлеймани Бағдад әуежайы маңындағы шабуыл салдарынан қайтыс болған адамдардың арасында болған.

Бұған дейін Бағдад әуежайы маңында үш зымыран жарылған деп хабарланған болатын. Жергілікті полиция бір адам қайтыс болып, тағы тоғыз адам жарақат алғанын растаған.

Иран Ислам революциясының сақшылар корпусы генералдың қайтыс болғанын растап, оның америкалық тікұшақтардың соққысы салдарынан қаза болғанын айтты.

Көп ұзамай генералдың қайтыс болуы туралы хабарлар пайда болған соң, президент Дональд Трамп өзінің твиттердегі парақшасына америка туының суретін еш түсіндірместен жариялады.

Кассем Сулеймани Иранның құрылуында өте маңызды тұлға болды. Ол басқарған «Кудс» бөлімшесі тікелей Иранның жоғарғы басшысы Аятолла Хаменеиге есеп береді.