Жамбыл облысында дрон арқылы түрмеге телефон кіргізбек болған
Жамбыл облысында дрон арқылы түрмеге телефон кіргізбек болған
129
оқылды
Жамбыл облысында қауіпсіздігі барынша жоғары ТЖ-158/4 мекемесінің аумағына дронмен тыйым салынған заттар өткізбек болған. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері "курьер-дронды" түрменің іргелес аумағында, әкімшілік ғимараттың артында байқаған. Дронға бөтелке байланған екен. Ал ішінде телефондар болған. "Аталған факті бойынша Тараз қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Аутопсия кезінде екі смартфон анықталды. Аппаратты іске қосқан адамды кезекші наряд таппады. Қызметтік тексеру тағайындалды", – дейді ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков.