Алты өңірде 7-8 ақпанда ауа райы нашарлайды
Алты өңірде 7-8 ақпанда ауа райы нашарлайды
5,087
оқылды
ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті 2021 жылдың 7-8 ақпанында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райы нашарлайтынын хабарлайды. Қазгидромет орталығының ақпарынша, жауын-шашын, атап айтқанда, жаңбыр, қар жауып, кей жерлерде тұман мен көктайғақ күтілуде. Сондай-ақ ауа температурасы күрт төмендеп, секундына 23-28 метр жылдамдықпен бұрқасын соғады деп болжанады. Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласуға болады.