"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне өтті
"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне өтті
150
оқылды
Соңғы үш тур "Барыс" үшін қиын болды. Алдымен овертаймда "Салават Юлаевқа" жеңіліп, кейін "Автомобилист" пен "Металлургтан"  ұтылды.  Бүгін «Барыс» Новосибирск қаласында «Сибирь» командасын жеңіп, Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне өтті. 2 шайба айырмасымен жеңіліп жатқан елордалық ұжым екінші кезеңде таразы басын теңестіріп, ойын соңында жеңісті жұлып алды. «Сибирь» (Новосибирск, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 2:3 (1:0, 1:1, 0:2)