«Алтын домбыра» айтысын телеарнадан көрсетеді
«Алтын домбыра» айтысын телеарнадан көрсетеді
147
оқылды

Nur Otan партиясының қолдауымен Орал қаласында өткен VIII «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы бүгін эфирге шығады. «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» атты жыр додасын «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы көрсетеді.

Аламан айтысқа Айбек Қалиев, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Дидар Қамиев, Әсем Ережеқызы, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Өміржан Көпбосынұлы, Аруна Керімбек, Жандарбек Бұлғақов, Бекзат Асқаров, Талғат Мықи, Серік Құсанбаев, Шұғайып Сезімхан, Жұлдызай Маратбекова, Біржан Байтуов, Қанат Мырзахан, Бауыржан Ширмединұлы сынды елімізге танымал 20 ақын қатысып, бақ сынады.

Көрермен Ұлттық арна эфирінен 3-4 қаңтар күндері сағат 15:00 де 1-2 айналымды және 5-қаңтар күні сағат 14:00 де финалдық бәсекені тамашалай алады.