Жамбыл облысында түнгі рейд барысында ішкі істер органдарына 120 жасөспірім жеткізілген
Жамбыл облысында түнгі рейд барысында ішкі істер органдарына 120 жасөспірім жеткізілген
113
оқылды
Тәртіп сақшылары түнгі көңіл көтеру мекемелері бойынша жасөспірімдерді іздестіруге қатысты кезекті рейдтік іс-шаралар жүргізді. Бірнеше күн ішінде полицейлер көшеде және ойын-сауық орындарында болған 120 кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтадыі, – деп хабарлайды Polisia.kz. – Екі жасөспірім мас болып, төрт жасөспірім- кафеде және 116-сы заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған. Кәмелетке толмағандар арасында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-курс студенттері болды. Олардың әрқайсысын ата-аналарына тапсырып, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, ал олардың бірнешеуіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова. Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларына қатысты қырағылық танытуды және олардың бос уақытын дұрыс пайдалануына бақылау жасау қажеттігін ескертеді.