Нұр-Сұлтанда бойжеткен жалған пәтерлерді жалға беріп келген
Нұр-Сұлтанда бойжеткен жалған пәтерлерді жалға беріп келген
90
оқылды
Нұр-Сұлтанда жоқ пәтерлерді жалға беру күдігімен 25 жастағы бойжеткен ұсталды. «Ұсталған 25 жастағы қыз пайдакүндемдік мақсатта жеке жарнамалар сайтына пәтердің жалға берілетіндігі туралы фейк ақпарат орналастырған. Ол жарнама тартымды болуы үшін өзге хабарландырулардағы пәтерлердің суретін алдын ала көшіріп алған. Бұған қоса, ол жалдау құнын төмен көрсеткен. Келіссөзді телефон арқылы жүргізіп, пәтерді жалға алушының шын ниетіне көз жеткізген соң электронды әмиянға алдын ала төлем аударуды ұсынған. Зардап шегуші ақша аударғаннан кейін алаяқ хабарландыруды өшіріп, телефонын ажыратып қойған», – делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта. Ведомствоның хабарлауынша, Қазіргі уақытта 13 зардап шегуші белгілі болып отыр. Бірақ, олардың саны мұнан да көп болуы мүмкін. Жалпы келтірілген залал 500 мың теңгені құрайды.