Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Nur Otan

Шешімін таппайтын мәселе жоқ

«Айқын» ақпарат
Ақпан 6, 2021
Nur Otan, Жаңалықтар, Қазақстан
шешім
6
қаралым

Түркістан облысында «Nur Otan» фракциясының депутаттары тұрғындармен кездесіп, олардың мәселелерін, шағымы мен өтініш­терін шешуге атсалысып жатыр. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Темір Қырықбаев «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау өткізді.

Сонымен қатар Жетісай ау­дандық мәслихатының депутаты Жұмағали Төреқұл, «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төра­ға­сының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов та жергілікті тұрғындарды қа­былдап, мұң-мұқтажын тың­дады. Шараға аудан әкімдігінің бөлім бас­шылары да қатысты.

Қоғамдық қабылдауға кел­ген азаматтардың бірі – Жаңа ауыл елді мекенінің тұрғыны Шариф Давранов ауылда спорт комплексінің жоқ екенін ай­тып, аталған елдімекен мекте­бінің спорт залында спорттық үйір­мелер ұйымдастыруға көмек сұрады. Сонымен қатар Ын­тымақ ауылдық округінің тұр­ғыны Құрбанай Муссулу­мова әжесінің зейнетақы кө­лемінің тым төмен екенін алға тартса, қабылдауға келген У.Ермахан­бетова өзінің зей­нетақы қо­рындағы қаража­тымен несиесін жабуға көмек көрсетілсе деген өтінішін жет­кізді. Ал Жетісай қаласының екі тұрғыны баспана мәселесін алға тартты. Халық қалаулы­ларының қабылдауында болған Қызылқұм ауылдық округі, Қызылқұм ауылының тұрғыны С.Аджиханов ескі үйі­нің күр­делі жөндеу жұмыс­тарына кө­мек сұрады. Бүгінде 4 пер­зентімен 1950 жылы салын­ған ескі үйде тұрып келе жатқан жалғызбасты әке еденнің ес­кіріп, терезелерінің қирап жат­қанын айтады. Жалғыз өзінің жалдамалы жұмыстан тапқан табысы ас-ауқаттан артыл­майтын көрінеді. Айтылған бұл өтінішке байланысты облыс­тық мәслихат депутаты Темір Қырықбаев алдағы 2 айда өз қаржысы есебінен тиісті жөн­деу жұмыстарын жүргізіп беруге уәде етті.

Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Сырабад елді ме­кенінен келген М.Бегалиева­ның да мәселесі оңды шешілді. Кәмелет жасына толмаған аурушаң перзентінің өздігінен жүріп-тұруы қиындаған. Қа­жетті дәрі-дәрмектері табылған жағдайда физиотерапиялық емді 30 күн қабылдауы керек екен. Отағасы екеуі жалдамалы жұмыспен балаларын асырап отыр. Қызының денсаулығы алаңдатқан ана тиісті емдік курсқа қаржының жетпей тұр­ғанын айтып, көмек сұрады. Бұл мәселеге байланысты ау­дандық мәслихат депутаты Жұмағали Төреқұл қаржылай көмек беріп, «Жетісай» аудан­дық ауруханасы дәрілері мен тиісті емдерін тегін жүргізуге уәде берді.

Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді

Шетелде құжатын жоғалтып алған отандасымыз 29 жылдан соң елге оралды

Қоғамдық-саяси өмірдегі әйелдер әлеуеті

Қоғамдық қабылдау бары­сында мәселесін айтқан әрбір азаматқа тиісті сала мамандары тарапынан құқықтық кеңес беріліп, өтініштер бойынша заң аясында жұмыс жүргізілетін болды.

Әбілмансұр ЖАСАН

 
Тегтер: Nur OtanқабылдаумәселеТемір ҚырықбаевТүркістаншешім
Алдыңғы жаңалық

Балықшы сирек кездесетін маржан тауып алды

Келесі жаңалық

ТМД-ға қатысты құжат келді

Ұқсас жаңалықтар

Белгілі онколог-дәрігер Райымқұл Қарақұлов қайтыс болды
Жаңалықтар

Белгілі онколог-дәрігер Райымқұл Қарақұлов қайтыс болды

Наурыз 9, 2021
карантин
COVID-19

Ақмола облысында карантин шаралары жеңілдеді

Наурыз 9, 2021
Кәсіпорыннан өтемақысын ала алмаған тараздық 5 қабаттан секірмек болды
Жаңалықтар

Кәсіпорыннан өтемақысын ала алмаған тараздық 5 қабаттан секірмек болды

Наурыз 9, 2021
қазақстандық
Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда 3 қазақстандық ұсталды

Наурыз 9, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі онколог-дәрігер Райымқұл Қарақұлов қайтыс болды

Наурыз 9, 16:14

Ақмола облысында карантин шаралары жеңілдеді

Наурыз 9, 15:57

Кәсіпорыннан өтемақысын ала алмаған тараздық 5 қабаттан секірмек болды

Наурыз 9, 15:44

Оңтүстік Кореяда 3 қазақстандық ұсталды

Наурыз 9, 15:29

2025 жылға қарай қазақстандықтардың табысы 27% артады – Тоқаев

Наурыз 9, 14:56

Жамбылда әйеліне жұдырық ала жүгіретін еркектер көбейді

Наурыз 9, 14:31

50 миллион теңге аударып, абақтыға қамалды

Наурыз 9, 14:03
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Белгілі онколог-дәрігер Райымқұл Қарақұлов қайтыс болды

Белгілі онколог-дәрігер Райымқұл Қарақұлов қайтыс болды

Наурыз 9, 2021
карантин

Ақмола облысында карантин шаралары жеңілдеді

Наурыз 9, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»