Балықшы сирек кездесетін маржан тауып алды
Балықшы сирек кездесетін маржан тауып алды
185
оқылды
Таиландтық балықшы құны 330 мың доллар тұратын Мело атты сирек кездесетін маржан тауып алды. 37 жастағы балықшы бағалы маржанды Наконситхаммарат провинциясында отбасымен бірге қабыршықтарды жинап жүргенде тауып алған, деп хабарлайды Daily Mail. Тазаланған маржанның салмағы 7,68 грамм болған. Мело маржандарының түсі қызғылт сарыдан қоңырға дейін өзгереді, қызғылт-сары түсті маржан ең қымбаты. Оларды қолдан жасау мүлде мүмкін емес. Тек табиғи жағдайда ғана кездестіруге болады. Таиландта мұндай мелоның құны 10 миллион батқа жетуі мүмкін (шамамен 330 мың АҚШ доллары). Балықшыға сатып алу туралы ұсыныстар түсікен, бірақ ол олардың ең тиімдісін күтуде.