ТМД-ға қатысты құжат келді
ТМД-ға қатысты құжат келді
114
оқылды

Келесі аптада Мәжіліс бірқатар маңызды халықаралық келісімдерді қарайды. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палата бюросы өтті. Жиында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы анықталды.

Оған сәйкес, жалпы отырыста депутаттар назарына бірқатар халықаралық келісімдерді рати­фикациялайтын заң жобасы ұсы­нылмақ. Атап айтқанда, оның арасында «Мемлекетаралық стан­дарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ра­ти­фикациялау туралы» заң жобасы бар. Бұл келісім мемлекетаралық стандарттау саласында қол­да­нылатын құжаттардың дұрыс­тығы мен өзектілігін, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемле­кет­тердің ұлт­тық стандарттау жүйе­лерінің шығын­дарын өтеуді қам­тамасыз етеді. Бұдан бөлек, депутаттар ТМД ұйымына мүше мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орын­дауы туралы конвенцияны, сонымен қатар «2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызмет­терінің біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы» ратификациялайтын заң жобасын талқыға салады.

Елдос СЕНБАЙ