Норвегияда рекордты ауа райы тіркелді
Норвегияда рекордты ауа райы тіркелді

Норвегияның батысында қаңтарда ерекше жылы ауа-райы байқалды. Ең жоғары температура Сунндалсёра қалашығында тіркелді, – деп хабарлайды bbc.com.

Ондағы ауа +19 градусқа дейін жылынды, бұл қаңтар айының орташа температурасынан 25 градусқа жоғары. Метеорологтардың айтуынша, бұл бүкіл бақылау кезеңіндегі ең жылы қаңтар.

«Бұл жерде ауа-райының жаңа рекорды жасалды. Адамдар бүгін көйлекшең көшеге шықты», – деqді Би-би-си қызметіне сұхбат берген қалашықтың басшысы Ивонн Уольд.