Алаяқтар Түркістанға да жетті
Алаяқтар Түркістанға да жетті
139
оқылды

Түркістан өңі­рінде жап­пай жер сатылып жатыр. Осы хабарды жедел тексерген құзырлы органдар сондай деректің барын анық­тады. Сөйтсе, бұл алаяқ­тардың ісі екен.

Түркістан облысының поли­цейлері тұрғынды алдап, заңсыз жер сатқан алаяқты ұстап алды. Бұл ретте тәртіп сақшы­ларына Түркістан облысы Сайрам ауда­нының тұрғыны арызданып, жү­гінген. Ер адамның айтуынша, бір танысы 8 сотықтан бөлінген үш жер телімін 4,5 миллионға бағалап сатыпты. Алайда артынша са­тылған 3 жер учаскесінің біреуі­нің құжаты дұрыс емес екені анық­талады. Ал өзге 2 жер телімі мүлдем басқа адамға тиесілі болып шы­ғады. Содан жәбірленуші ақшасын қайтаруды талап еткен, алайда кү­дікті «құжаттарын дұрыстап бе­ремін» деп уақыт созып жүрген. Бұл жайт сотқа дейінгі тер­геп-тексерудің бірыңғай тізілі­міне тіркеліп, Қылмыстық ко­декстің 190-бабына сай іс қоз­ғалды. Ақ­парат алысымен қыл­мысты ашу және алаяқты құ­рықтау мақса­тында поли­цейлер бірден іске кіріседі. Күдіктінің жеке басын анықтап, оны по­лиция бөліміне жеткізеді. Түр­кістан облысының полицейлері алаяқтық әре­кет­терді болдырмау үшін азаматтарға мұ­қият болуды және күмәнді қыз­меттер ұсы­натын бейтаныс адам­дарға сен­беуге кеңес береді.

Ерік ЕРДЕНОВ