Түркістан өңірінде жаппай жер сатылып жатыр. Осы хабарды жедел тексерген құзырлы органдар сондай деректің барын анықтады. Сөйтсе, бұл алаяқтардың ісі екен.
Түркістан облысының полицейлері тұрғынды алдап, заңсыз жер сатқан алаяқты ұстап алды. Бұл ретте тәртіп сақшыларына Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны арызданып, жүгінген. Ер адамның айтуынша, бір танысы 8 сотықтан бөлінген үш жер телімін 4,5 миллионға бағалап сатыпты. Алайда артынша сатылған 3 жер учаскесінің біреуінің құжаты дұрыс емес екені анықталады. Ал өзге 2 жер телімі мүлдем басқа адамға тиесілі болып шығады. Содан жәбірленуші ақшасын қайтаруды талап еткен, алайда күдікті «құжаттарын дұрыстап беремін» деп уақыт созып жүрген. Бұл жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 190-бабына сай іс қозғалды. Ақпарат алысымен қылмысты ашу және алаяқты құрықтау мақсатында полицейлер бірден іске кіріседі. Күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізеді. Түркістан облысының полицейлері алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін азаматтарға мұқият болуды және күмәнді қызметтер ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.Ерік ЕРДЕНОВ