Эстонияда Sputnik-тің жабылуы: Кремль Ұлыбританияны кінәлайды
Эстонияда Sputnik-тің жабылуы: Кремль Ұлыбританияны кінәлайды
123
оқылды

Кремль қолдайтын Sputnik ақпарат агенттігі Эстонияда жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлері журналистерді қудалайды деп жазғаннан кейін жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды bbc.com Тimes басылымына сілтеме жасап.

Ресейлік дипломаттар бұл шешімнің артында Ұлыбритания тұр деп санайды. Бұған дейін Ресей СІМ-нің өкілі Мария Захарова Эстония билігінің Sputnik-ке жасаған қысымы Лондондағы анти-ресейлік насихатының нәтижесі екенін айтқан.

Таллиндегі Sputnik кеңсесінде 35 адам жұмыс істейді – көбісі Эстония азаматтары. Аталған сайт бұғатталмағанымен, агенттікке жаңалықтар залынсыз жұмыс істеу қиын болады деп мәлімдеді газет.

Эстония сыртқы істер министрі Урмас Рейнсалу Sputnik-ке қарсы шаралар ЕО-ның «Россия сегодня» агенттігінің бас директоры Дмитрий Киселевке қарсы санкцияларына сәйкес қабылданғанын айтты.

Халықаралық журналистер федерациясының жетекшісі Энтони Беллангер Эстонияны агенттікке қатысты шараларды қайта қарауға шақырды.

«БАҚ мамандары биліктен ешқандай қауіп көрместен өз міндеттерін еркін орындай алуы керек», – деп жазады басылым.

Айта кетейік, «Шекарасыз репортерлар» ұйымы Эстонияны баспасөз бостандығы бойынша әлемде 11-ші орынға шығарған.