Жалғызбасты анаға көмек көрсетілді
Жалғызбасты анаға көмек көрсетілді
277
оқылды

«Nur Otan» партиясының Жарма аудандық филиалына Жарма ауданы Қалбатау ауылының тұрғыны Сәлиқ Елуқан өтініш білдіріп, материалдық көмек көрсетуді сұрады.

Аудан түрғынының өтініші бойынша 2021 жылдың 15 қаңтар күні Жарма аудандық мәслихатының депутаты Қайратбек Доғалбаев материалдық көмек көрсетті. – Қайырымдылық көрсеткен азаматқа алғысым шексіз. Қиналған сәтте көмек сұрап «Nur Otan» партия­сына барған едім, мәселем оң ше­шіліп, материалдық көмек көр­сетілді, – деді жалғызбасты ана Сәлиқ Елуқан. Аудандық филиалдың қоғамдық қабылдауына келген азаматтардың басым көпшілігінің мәселесі бас­пана, әлеуметтік мәселелер төңіре­гінде. Осы жылдың басынан бері облыс бойынша қоғамдық қабыл­дауға 850 өтініш келіп түскен болса, соның 147-і немесе 17 пайызы бас­пана мәселесі, 206-ы немесе 24 па­йызы әлеуметтік мәселелерге қатыс­ты, ал қалған 59 пайызы өзге де мә­селелерге тиесілі болып отыр. Жалпы, қоғамдық қабылдауларға түскен 850 өтініштің 20 пайызы оң шешімін тапса, 10 пайыз өтініш бо­йынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қалған 70 пайызына заң аясында тиісті түсіндірмелер берілді.

Әбілмансұр ЖАСАН