«Nur Otan» партиясының Жарма аудандық филиалына Жарма ауданы Қалбатау ауылының тұрғыны Сәлиқ Елуқан өтініш білдіріп, материалдық көмек көрсетуді сұрады.
Аудан түрғынының өтініші бойынша 2021 жылдың 15 қаңтар күні Жарма аудандық мәслихатының депутаты Қайратбек Доғалбаев материалдық көмек көрсетті. – Қайырымдылық көрсеткен азаматқа алғысым шексіз. Қиналған сәтте көмек сұрап «Nur Otan» партиясына барған едім, мәселем оң шешіліп, материалдық көмек көрсетілді, – деді жалғызбасты ана Сәлиқ Елуқан. Аудандық филиалдың қоғамдық қабылдауына келген азаматтардың басым көпшілігінің мәселесі баспана, әлеуметтік мәселелер төңірегінде. Осы жылдың басынан бері облыс бойынша қоғамдық қабылдауға 850 өтініш келіп түскен болса, соның 147-і немесе 17 пайызы баспана мәселесі, 206-ы немесе 24 пайызы әлеуметтік мәселелерге қатысты, ал қалған 59 пайызы өзге де мәселелерге тиесілі болып отыр. Жалпы, қоғамдық қабылдауларға түскен 850 өтініштің 20 пайызы оң шешімін тапса, 10 пайыз өтініш бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қалған 70 пайызына заң аясында тиісті түсіндірмелер берілді.Әбілмансұр ЖАСАН