Мемлекет басшысы Одиль Рено-Бассомен кездесті
Мемлекет басшысы  Одиль Рено-Бассомен кездесті

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Онлайн форматта өткен кез­десуде Қасым-Жомарт Тоқаев Одиль Рено-Бассоны Еуропалық қайта құру және даму банкіне пре­зидент болып сайлануымен құт­тықтады. Президент Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан­ның маңызды стратегиялық серік­тесі деп бағалап, екіжақты ынты­мақ­тастық жылдарында аталған инс­титут ел экономикасына 9 мил­лиард доллардан астам ин­вес­­тиция салғанын атап өтті. Банк Еуропа мен Азияның нарық ре­формаларын және кәсіпкерлік бастамаларын қолдауда маңызды рөл атқарды. Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкі ел экономикасының басым бағыт­та­рын айтарлықтай дамытуға септігі тиеді деп санайтынын жеткізді. Әңгімелесу барысында ірі инфра­құрылымдық жобаларды қаржы­ландыру, атап айтқанда, авто­мо­биль жолдарын салу, жаңартылған энергия көздерін дамыту, Қазақ­стандағы гидроэнергетика мәсе­лелері талқыланды. Одиль Рено-Бассо COVID 19 пан­демиясының ғаламдық нарық­қа және Қазақстан экономикасына тигізетін әсері жайындағы Еуро­палық қайта құру және даму бан­кінің болжамымен және бағ­дарымен бөлісті. Оның айтуынша, банк Қазақстан Үкіметімен тығыз ынтымақтастық орнатуға және энергетика, инфрақұрылым, ин­вестиция салалары бойынша жобаларды белсенді дамытуға дайын.