Абылайдың арманы орындалды
Абылайдың арманы орындалды

Бала кезінен мүгедектігі бар Абылай мектеп жасында үйден оқыса да, мектептен берілген компьютерді әжептәуір меңгеріп алған. Оның ендігі арманы – жаңа компьютерге қолы жеткізу. Сол арқылы ол білімін жетілдіріп, әлем жаңалықтарынан хабардар болып, кәсіп үйренуді, табыс табуды мақсат тұтып отыр.

Жақында осы арманның жете­гінде облыстық мәслихат депутаты Ә.Семғалиевтің онлайн қабыл­дауына жазылып, жүрексіне оты­рып, өзінің өтінішін білдірген бо­латын. Бұрын­нан да өңірге белгілі меценат, қайы­рымдылық шара­ларынан қалыс қал­маған, әлеу­меттік қолдауға шын мұқтаж аза­маттарға үнемі, бар мүм­кін­дігінше қол ұшын созып, қолдап жүретін «Nur Otan» партиясынан сай­­ланған депутат Әлібек Аманжан­ұлы Абылайдың өтінішін аяқсыз қал­дырмай, су жаңа толық кешенді компьютер құрылғысын сыйға тарт­ты. Сонымен қатар оған ком­пьютер арқылы түрлі электронды оқуларды, әлеуметтік желідегі биз­нес түрлерін үйрететін мамандардан кеңес алып, онлайн тренингтер мен шеберлік сыныптарынан өтуге көмектесуге де ниетті екенін жет­кізді.

Әбілмансұр ЖАСАН