«Қайраттың» үздік сұрмергені 3,5 миллион еуроға сатылуы мүмкін
«Қайраттың» үздік сұрмергені 3,5 миллион еуроға сатылуы мүмкін
183
оқылды

Киевтік «Динамо» қазіргі уақытта алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетіп жүрген шабуылдаушы Адеринсола Эсеоланы қайтарып алу туралы ойланып отыр екен, – деп хабарлайды Vesti.kz сайты Sportanalytic.com-ға сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Эсеоланың трансфері 3,5 миллион еуроға бағаланған.                  

28 жастағы сұрмерген 2009/10-маусымында «Динамо» сапында болды, алайда ол киевтік клубтың негізгі құрамында бірде-бір ойын өткізбеген.

Өткен маусымда Эсеола ҚПЛ-2019 ең үздік сұрмергені атанды, ол осы атақты «Астана» жартылайқорғаушысы Марин Томасовпен бөлісті. «Қайрат» шабуылшысы 27 ойында 19 гол салды.
Маусым аяқталысымен «Қайрат» Эсеоламен келісімшарт 2021 жылдың соңына дейін созылатынын айтты.