«Jas Otan»-ның көмегі
«Jas Otan»-ның көмегі
142
оқылды

Түркістан облысы бойынша «Jas Otan» Жастар қанатының өкілдері өзге облыстардағы әріптестерінің эстафетасын қабыл алып, тұрғындарға көмектесуді бастап кетті.

Белсенді жастар «Nur Otan» пар­тиясының «Ардагерлерді ар­дақ­­тайық» акциясы аясында кө­мекке мұқтаж отбасылардың, соғыс ардагерлері мен зей­нет­керлердің үйінің ауласын қардан тазалап берді. Солардың бірі – зейнеткер, ІІ топ мүгедегі Мәдіқұл ақсақал жастарға риза­шылығын білдіріп, батасын берді. Семей полигоны зардабын жоюға қа­тысқан ардагер Әлихан Тәжібеков ақсақал да жастардың қайырым­ды ісіне риза­шылығын білдірді. Түркістандық жастар сонымен қатар қала көшелерін қардан таза­лаумен айналысып жүрген меке­ме­нің жұмысшыларына және қала тұр­ғындарына ыстық шай мен тәт­ті­лер ұсынып, қар күреуге кө­мектесті. – Бұл мақтанып айтатын үлкен іс емес, біз осы әрекетіміз арқылы қоғамға ізгілік нұрын сепкіміз ке­леді, – дейді түркістандық жасотан­дықтар.

Әбілмансұр ЖАСАН