Галышева 5-орынға тұрақтады

Галышева 5-орынға тұрақтады

Фристайл-могулдан АҚШ-тың  Дир-Вэлли бөктерінде өтіп жатқан әлем кубогы бәсекесінде Юлия Галышева 5-орынға тұрақтады.

Отандасымыз алғашқы финалдық кезеңде 78,90 ұпай жинап, ақтық сынға өткен алты спортшының қатарына енген-ді.   Ал басты финалда Галышева секіру элементтерінің бірінен қате жіберіп, 77,31 ұпаймен үздік бестікке енді. Әйелдер арасындағы сында француз қызы Перрин Лаффон 83,23 ұпаймен топ жарды. 2 және 3-орынды жапон  спортшылары Анри Кавамуро (80,94) мен Кисара Сумиоши (79,55) иемденді.

Айбике ЖАНАСЫЛ